Шетелден келген көліктерді заңсыз тіркегендер мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам залал келтірген

Фото: Pixabay Павлодар облысында бір топ адам жүк машиналарын заңсыз есепке қою арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады. Бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық…

Толық оқу

Қостанай облысында 80-нен аса шетелдік жүк көлігін заңсыз тіркегендер тергеліп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеуді төлемсіз, заңсыз жүргізу фактісі бойынша сотқа дейінгі істі қарады, деп хабарлады  Qazaq.today тілшісі. Республика бойынша басталған ауқымды тексеру аясында Қостанай облысының бірқатар тұрғынының 2020-2023 жылдар аралығында Еуропадан Қазақстан аумағына шет мемлекеттердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көлік…

Толық оқу

«Қазавтожол» 605 жүк көлігінен негізсіз ақы алған

Фото: Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі Бас көлік прокуратурасының арнайы іс-шарасы арқасында жолдың ақылы учаскесінде кәсіпкерлерден қаражат алу тоқтатылды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтау мәселесін талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқығын қорғады. Атап айтқанда, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы «Астана-Петропавл» автожолының қиылысында ауыр…

Толық оқу

Қатты желден жүк көлігі аударылып қалды

Абай облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 19 желтоқсан Омбы – Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болғанын мәлімдеді. Апатқа ұшыраған көлік жүргізушісіне жолда кетіп бара жатқан полиция қызметкерлері көмекке келген. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі – Ресей Федерациясының азаматы жол қозғалысы ережелерін бұзбағанын, көлік қатты желдің салдарынан аударылғанын айтқан. Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу…

Толық оқу

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысты

Белгілі болғандай, «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына бара жатқан. Қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.  

Толық оқу