Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды
Танымал әнші, «Құрмет» орденінің иегері Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды. Бұл туралы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева хабарлады. «Сүйінші! Алтушамыз бесінші қызын аман-есен дүниеге әкелді! Әрбір сәби күткен шаңыраққа бұйырсын!», – деп жазды айтыскер ақын. Айта кетейік, әншінің бірінші некесінен 4 қызы бар.