«Баламды табытпен шығарамын деп ойламадым»: тісін жөндетемін деп ажал құшқан қыздың әкесі әділдік іздейді
Алматылық ер адам осыдан екі жыл бұрын стамотологиялық креслода көз жұмған қызының қазасына дәрігердің сауатсыздығы себеп болғанын айтып, әділдік іздеп жүр. Оның айтуынша, наркозда жатқан науқасқа препаратты тексермей салып жіберген. Қызының қазасы қабырғасын қайыстырған азамат екі жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келгенін айтады. «Ақ көйлек киіп, тойына тісін жөндетіп бармақ болған баламды тіс емханасынан…