Президент Кувейттің әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады. «Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген…

Толық оқу

Президент Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да…

Толық оқу

Қырғыз билігі Қазақстанға нота жолдады

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі осы аптада ел парламентінде Алматыдағы «Алтын Орда» базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлер туралы мәселе көтерілгенін хабарлады. «Қырғыз Республикасының азаматтары — кәсіпкерлер өз заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды сұрады. Ұжымдық өтінішке тиісті деңгейде ден қою шаралары қабылданып жатыр. Тиісті өтініш (нота) СІМ-нің Алматыдағы өкілдігіне және Алматы облысы Қарасай аудандық полиция бөліміне жолданды. Алдағы…

Толық оқу

Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.   Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады. Сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін,…

Толық оқу

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Тоқаевқа үндеу жасады

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков авиарейстің кешігуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.  «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің сізге қоятын сұрағым бар. Қазақстандағы авиакомпаниялар біздің еліміздің заңына бағына ма, әлде олар тәуелсіз компаниялар ма? Мен білгім келеді. Бұл сұрақты қоюымның себебі: мен авиакомпания қызметтерін көп қолданамын», — деді Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша,…

Толық оқу