
Мүгедек таксисті алдап, ақшасын төлемей кеткен жолаушы ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр 22 жастағы жолаушының бұрын да алаяқтық жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Polisia.kz мәліметінше, полиция такси жүргізушісіне жол ақысын төлемеген жолаушыны анықтады. «Интернетте елорда тұрғыны жариялаған видео кең тарады. Ол бейтаныс жігіттің әкесін алдағанын, бизнес-такси қызметіне тапсырыс беріп, қаланы аралағаннан кейін ақшасын төлемей кеткенін баяндаған. Полиция көп ұзамай жолаушыны анықтады….