Ақтөбе тұрғындары газға уланып, ауруханаға түсіп жатыр
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 қыркүйек күні сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындарынан газдың өткір иісіне шағымдар түсе бастаған. Алдын-ала анықталғандай, Шұбарши газ тарату станциясының жұмысы толығымен тоқтап қалғаннан кейін оны жөндеу бойынша жоспарлы ажырату жүргізілген. Газ тоқтатылып, бұрандалы кран ауыстырылғаннан соң…