Қазақстанның бес облысында қуаңшылық болуы мүмкін
«Қазгидрометтің» болжауынша, маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады, деп хабарлайды Qazaq.today. «Сонымен бірге, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта жекелеген аудандарында қалыпты құрғақшылық аймақтары күтілуде», — делінген хабарламада. Болжам бойынша орташа құрғақшылық күтілетін өңірлер: Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жаңғылда аудандарында, …