Шетелден келген көліктерді заңсыз тіркегендер мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам залал келтірген
Фото: Pixabay Павлодар облысында бір топ адам жүк машиналарын заңсыз есепке қою арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады. Бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық…