Ақтөбе облысында сиырлардың қырылу себебі: Жайылым шөп уланған
Ақтөбе облысында ірі қара малының жаппай қырылуына шөптің құрамында алкалоидтың көптігі себеп болды. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында өңірдегі шаруа қожалықтарының бірінде сиырлар белгісіз індеттен қырылып, шаруа шығынға ұшыраған болатын. Зертханалық тексерулерден кейін шөпте алкалоидтардың жоғары концентрациясы бар екені анықталып, үй жануарларының уланғаны дәлелденді….