
Күзде 11 жастағы қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау басталады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауда қай елдің вакцинасы қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Министрдің дерегінше, жатыр мойны обыры бойынша жылына 1800-1900-дей жаңа науқас тіркеледі. “Негізінен бұл жас әйелдер. 600-дейі қайтыс болып жатады. Бүгінде 130-дан астам мемлекетте бірнеше жылдан бері жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған вакцинация қолданылады”,…