Сотталған вайнерлер апелляциялық шағым түсірді
Коллаж: ulysmedia.kz. Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов апелляциялық шағым түсірді. Ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады. Mudarabah Capital ісі Зардап шеккендер Алматы полициясына 2021 жылдың сәуір айында ұжымдық өтінішпен жүгінген. Олар компания тендерлерде ақшаны «айналдыруды» және оның орнына ай сайын жоғары пайыз төлеуді ұсынды деп мәлімдеген….