
Ерке Есмахан күйеуімен не үшін ренжісетінін айтты
Instagram-да оқырмандарының бірі өнер иесінен жолдасы екеуі қаншалықты жиі ренжісетінін сұраған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Әншінің сөзіне қарағанда, Райым екеуі өзара түсіністікте өмір сүреді. «Құдайға шүкір, ұрыспаймыз. Анда-санда менің еркелігім ұстап қалады, кейде Райымның қызғанышы кеп қалады. Басқа кезде бақыт, сыйластық және махаббат», — деп жауап қатты әнші. Фото: erke_esmahan