Ұлытау облысында асыранды балаларды 5 жыл құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

Ұлытау облысында 5 жыл құлдықта болған үш бала қазір Балаларды қолдау орталығына орналасқан. Асыранды балаларды жұмысқа жеккен 55 жастағы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы. Телеарна мәліметінше, 2018 жылы, бес жыл бұрын патронаттық ата-ана бір отбасының үш бірдей баласын балалар үйінен асырап алып, қызды күң, екі ұлды құл қылған. Балалардың кішкентайы сол кезде 8…

Толық оқу

Ұлытауда мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдіккке ілінді

Фото: Inbusiness.kz Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Антикордың хабарлауынша, ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар…

Толық оқу

Президент Ұлытау облысының әкімін қабылдады

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Берік Әбдіғалиұлы облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 пайызға өсіп, 210,1 миллиард теңгеге жеткен. Осы ретте жеке инвестицияның үлесі 90 пайызды құраған; өткен жылы өңірде жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі…

Толық оқу

Ұлытау облысында аурухана есепшілері бюджет қаражатын жымқырған

Ұлытау облысы Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Қаражал қаласы прокуратурасының мәлметінше, осы медициналық мекеменің екі есепшісі 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар») 5,1 млн теңгені заңсыз аударған. Әрі қарай жымқырылған қаражатты олар өз пайдаларына жұмсаған.   «Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу…

Толық оқу

Ұлытау облысында 223 млн теңге талан-таражға салынған

Ұлытау облысының бюджеттің 223 млн теңгесі талан-таражға салынған. Бұл туралы өңірдің прокуратурасы хабарлады. Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (бұдан әрі – ТКШ бөлімі) қызметін тексергенде облыс орталығының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрланғанын анықтады.   «Атап айтқанда, 2021 жылы ТКШ…

Толық оқу