Бүгін қаламгер Тұрсын Жұртбай 73 жасқа толды

Бүгін жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбайдың туған күні. Қаламгер 73 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Тұрсын Жұртбай 1951 жылғы 15 тамызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында туған. 1969-1974 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1974-1976 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, 1976-1980 жылдары…

Толық оқу

Есіңе мені алғайсың: Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл

Бүгін – қазақтың әйгілі әншісі Мәдина Ералиеваның туған күні, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тірі болса, ол 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әнші 2000 жылдың күзінде, яғни 46-дан асқан шағында жол апатынан қаза тапты. Мәдина Есмалайқызы Ералиева 1954 жылы 2 тамызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Әнші 1974 жылы Қызылорда педагогика училищесінің музыка…

Толық оқу

Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін…

Толық оқу

Президент Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Мемлекет басшысы спортшыға құттықтау хат жолдаған. «Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен…

Толық оқу

Қазақстанның мақтанышы: Бүгін Денис Теннің туған күні

Бүгін, 13 маусым қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Желі оқырмандары Қазақстанның талантты ұлдарының бірі, Олимпиада жүлдегері, Азия чемпионын еске алуда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Денис Тен – Қазақстанның атақты мәнерлеп сырғанаушысы, жас болса да өз елінің мақтанышы болған спортшы. Оның өмірі қысқа болғанымен, оның жетістіктері мен үлесі Қазақстанның спорт тарихында мәңгілік…

Толық оқу