ХҚКО басшылары қылмыстық топ құрған

Оңтүстік өңірлерде жұртқа жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Qazaq.today. Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен ұзақ уақыт бойы…

Толық оқу

Ақтөбе мектептерінде атыс ұйымдастыру үшін топ құрған адамның кім екені белгілі болды

Полиция Ақтөбе мектептернде атыс ұйымдасыру үшін топ құрған адамның кім екенін анықтады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. «Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғынын анықтады.Өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ», -делінген хабарламада. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі…

Толық оқу

«Деструктивті діни ағым өкілдері»: Атырауда кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады polisia.kz. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған. Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылғы күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады. Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді…

Толық оқу

Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Павлодар облысында полиция адамдарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. Топты Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ұстаған. Қылмыстық топ құрамына 25-35 жас аралығындағы жігіттер кірген. Қазір күдіктілердің бопсалаудың 5 фактісіне қатысы бары анықталды. Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысында қару қолданып, бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысының…

Толық оқу

Алматы облысында шетелдікті бопсалаған топ ұсталды (ВИДЕО)

Алматы облысының Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірге Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласында азаматтарды бопсалаумен айналысқан топты ұстады. Топта 21-46 жас аралығындағы жеті адам болған. Polisia.kz-тің хабарлауынша, бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша тіркелген. «Күдіктелер биылғы жылдың 11 наурызында Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінде шетелдік…

Толық оқу