«Қанат Ислам Америкаға кетуімді сұрады» — спортшы Қуат Хамитов қаңтар оқиғасы туралы айтты
Танымал спортшы Қуат Хамитов бір кездері өміріне қауіп төніп, елден кетуге ұсыныс түскенін мәлімдеді. Ол бұл туралы «Берен» подкастында айтып берді. Айтуынша, жанашыр адамдар оның өміріне алаңдап, шетелге шақырған. «Қанат Ислам, белгілі спортшы, ол да маған Америкадан хабарласты. «Бауырым, сен қазір елді білесің ғой, өте қиын. Кез келген сәтте өлтіріп кетуі, арандатуы, дәрі беріп жіберуі…