
Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК-ке дейін төленеді
Фото: Pixabay Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек берілетінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Сөзінше, жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты, деді ол. «Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады. Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел…