Түркістан облысында көпір тіреуі темірінің құлауы: ҚТЖ-ға айыппұл салынды
Түркістан облысының полициясы жолдарда темір жол өткелдерін күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚТЖ-ға қатысты әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Qazaq.today. Осы бап бойынша компанияға 30 АЕК айыппұл салынған. ҚТЖ 3 наурыз күні сағат 16:15 – те Қызылсай-Манкент аралығының Арыс-Түлкібас учаскесінде «қоршауға бекітілген темір баннердің жүктемесіне байланысты автожолдың жүріс бөлігіне теміржол көпірінің қоршауы құлағанын» хабарлаған…