Теріс қылық үшін жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметкерлерге екінші мүмкіндік берілмек
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Заң жобасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы конституциялық нормаларға сәйкес келтіруді көздейді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың айтуынша, құжат Конституциялық соттың 2023 жылғы 6…