Тоқаев Ильхам Әлиевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық…