Ақмолада 40 бас киік тиеген көлік тексеріліп жатыр
Әлеуметтік желіде қырылған киіктердің өлекселері түсірілген видеолар тарады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, жануарлардың өлексесі тиелген көлік 23 қазанда Астана-Қорғалжын тас жолында тоқтатылған. 40 ақбөкен өлексесін тасымалдауға қатысты тексеру жүргізілуде. “Алғашқы тергеу барысында өлекселерді Сабынды ауылында орналасқан «Астана Агропродукт» ет комбинатының жүргізушісі алып кеткен. Тасымалдаушылар шот-фактуралардың түпнұсқасын және «Охотзоопром» ӨБ РМК мен…