Тәркіленуге жататын 110,2 млн теңгенің мүлкін жасырған кәсіпорын директоры сотталды
Фото: Жамбыл обл. прокуратураның баспасөз қызметі Тараз қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы көлемі 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ASCO Pro ЖШС-нен 110,2 млн теңгенің алкогольдік өнімдері тәркіленген. Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған. «Осы факті бойынша…