Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды
Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары Грузияда ұсталып, елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Qazaq.today Бас прокуратураға сілтеме жасап. «Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды….