«Көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң мүшелері алынуы мүмкін»- министрлік өзгеріс енгізуді ұсынды
Қазір денсаулық сақтау министрлігі марқұмдардың ағзаларын алуға рұқсат сұрау тәртібін өзгертуді ұсынып отыр. Бұл жөнінде 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметі хабарлайды. Нақтырақ айтсақ, рұқсат сұрау түсінігін жойып, «үнсіз қалғаны – келіскені» ұғымын енгізбек. Демек, бұдан былай хәл үстінде жатқан азаматтың электрондық үкімет порталында дене мүшелерін пайдалануға қатысты пікірі болмаса, органы реципиентке ауыстырылады. Қазақстанда қайтыс болғандардың органдарын пайдалануға рұқсат…