Гүл ұрлаған мемкірістер басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс берілген
Түркістан облысы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды Шымкент гүл дүкенінде жасаған әрекеттері үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Елқондыға «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Мемлекеттік қызмет департаментінің ресми хабарламасында Елқондының іс-әрекеттері «әдепсіз және жол берілмейтін әрекеттер» деп…