шыршаны заңсыз сатудың 400-ден аса дерегі анықталды
Елімізде «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz. Базарларда және басқа жерлерде 724 жедел топ құрылды. Оның ішінде 434-і табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп құрылды. Нәтижесінде 2,6 мыңнан астам рейд жүргізілді. Көрші мемлекеттердің шекаралас облыстарының аумақтарынан әкелінген қылқан жапырақты ағаштарды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз сату дерегін анықтау үшін елді мекендерде тексеріс жүргізілді. «Шырша» операциясы…