Алматы облысында 14 жасар бала шлюзге ағып кетті
Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы облысында бір баланың суға кеткенін хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылында бір топ жасөспірім су қоймасының ашық шлюзының маңайында шомылып жүрген. Үйге қайтар уақытта олар бір баланың жоқ екенін байқаған. Өз бетінше іздеп таппаған соң шлюзды жауып құтқарушыларды шақырған. РЖҚЖ сүңгуір-құтқарушыларының жедел тобы оқиға орнына шығып…