
Щучинсктегі 3,5 млрд теңге бөлінген спорт кешені уәде орындалмаған құрылысқа айналды
Щучинск қаласы –Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы дүниеге келген жер және қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық дайындық орталығы. Айтса сенгісіз, бірақ дәл осы қалада бірнеше жыл бойы көпфункционалды спорт кешені салынып бітер емес. Бұл нысанның құрылысы 2021 жылдың шілде айында басталған еді және жоспар бойынша бір жылда аяқталуы тиіс болатын. Ал қазір 2024 жыл аяғына…