Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы үндеу жасады: «Доғарыңыздар!»
Талғардағы қайғылы оқиға кезінде өмірден өткен жасөспірім Шерзат Болаттың отбасы әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпарат пен блогерлердің араласуы туралы өз пікірін білдіріп, ашық үндеу жариялады. Олардың айтуынша, кейбір блогерлер істің сот процесінің ашық өтуін талап етіп, билікке үндеу жолдап, оқиға туралы ақпарат таратып, тергеуге кедергі келтіріп жатыр. Бұл жағдай, әсіресе, қайғыдан қан жұтқан отбасыға ауыр…