Кәсіпкердің жұмысына заңсыз араласқан шенеуніктерді 6 жылға соттау ұсынылды
Антикор кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан шенділерге жазаны күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. ҚР Қылмыстық кодексінің 364-бабына өзгеріс енгізілмек. «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам…