Оралдық шенді жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған
Батыс Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысына 184,6 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысы жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік тізгіндегені анықталды. «Ол 2024 жылғы 14 мамырдағы қаулыға сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Алайда 2024 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында автокөлік құралын басқару кезінде қайта…