Астанада құрбан шалуға арналған орындар белгіленді
Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбан шалынатын орындар анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де Айт намазы оқылады. Астана қаласында бекітілген орындарда 8.00-ден 18.00-ге дейін құрбан шалуға болады: 1. «Ұлжан» әмбебап базары,…