«Есімнен танып қалдым» — Костенко шахтасындағы жарылыстан аман қалған кеншілер сұқбат берді
Костенко атындағы шахтада болған жарылыс эпицентрінен небәрі 500 метр жерде жұмыс істеген кенші Қайрат Баядылов сол түні ғайыптың күшімен және әріптестерінің арқасында аман қалды. Күшті толқыннан есінен танып құлаған кеншіні әріптесі Еркін Ахметов көк түтін арасынан байқап, жанындағы жігіттермен бірге көтеріп алып шыққан. Кеншінің өзі және оны құтқарған әріптесі nur.kz тілшісіне оқиға туралы сұхбат берді….