Зорлық-зомбылық құрбандары енді сенім телефоны арқылы хабарласа алады
Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, байланыс орталығына үлкен жауапкершілік жүктелген. Жүйенің үйлесімді жұмысы әйелдер мен балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің теріс салдарынының алдын алып, азаматтарға жедел құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді….