
Жамбыл облысында сел жүріп, 500 қой суға ағып кеткен
Жамбыл облысы Шу ауданында нөсер жауынның соңы селге ұласып, 500-ге жуық қой суға ағып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 30 маусымда Шу аудынындағы Ақтасты елдімекенінің маңындағы таулы аймақта нөсер жауын селге айналып, шаруа қожалығының қойларын ағызып әкеткен. Суға кеткен шаруашылықтың иесі отардағы 485 қойдың жайылымда өліп жатқанын айтады. Жергілікті әкімдік арнайы комиссия…