ШҚО-да ауыл тұрғыны елікті атып, етін сатқысы келген
Шығыс Қазақстан облысында елікті атып, оның етін сатпақ болған тұрғын ұсталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасында Алтай қаласының шығаберісін патрульдеу кезінде ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатып, көлік жүргізушісінен атып алынған еліктің етін тәркіледі. Етті 66 жастағы ер адам көліктің салонында жасырған. Сонымен қатар күдіктінің көлігінен ТОЗ аңшылық мылтығы тәркіленді. «Табиғатқа келтірілген залал…