
Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Бішкекте Қазақстан Үкіметінің басшысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдады. Олжас Бектенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан Үкіметі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерді жұмсауға дайын екенін білдірді. Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент…