
Айтбек Амангелді Салтанат Нүкенованың құрметіне арналған қорды тағы да тіркей алмады
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қолдау көрсететін қордың тағы да тіркеуден өтпегенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Мінекей, қорды тіркеуден бесінші рет бас тартып отыр. Жарлықтағы «Қордың мақсаттарына сәйкес келетін және қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері» деген №9 тармағы қорды тіркеуге қандай кедергісін келтіріп отыр, соны түсінбеймін….