
Ел құрамасы садақ атудан тарихи жүлдеге қол жеткізді
Фото: ҚР ҰОК Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. Одан бөлек, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай…