Мемлекет басшысы белгілі экономист Оразалы Сәбденді қабылдады
[Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденмен кездесті. Кездесуде еліміздің экономикалық даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Бұл орайда ел экономикасын әртараптандыру, өндірістік әлеуетті арттыру, шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Көзделген мақсаттарға жету үшін аталған салаларды цифрландыру айрықша маңызды. Сонымен қатар әлеуметтік инновация арқылы халықтың тұрмыс сапасын…