
Түркістан облысында үш еркек жас жігітті жабыла сабап, мерт қылды
Түркістан облысының Ақсукент ауылында мас үш ересек адам жас жігітті аяусыз соққыға жыққан. Жәбірленуші миына қан кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Otyrar.kz мәліметінше, қайғылы оқиға орын алар алдында қаскүнемдер қаза тапқан жігіттің көлігін тартып алып, Шымкентке тартқан. «Қылмысқа қатысушылардың бірі соққыға жығылған жас жігітті видеоға түсіріп, оны анасы мен досына жолдаған, бірақ…