Алматы облысында балаларды азаптаған күдікті ұсталды
Бұған дейін желіде белгісіз ер адам төрт баланы байлап, оларды ұрып-соғып, пышақпен қинап жатқан видео пайда болған еді. Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың айтуынша, күдікті Қарасай ауданында ұсталған. Күдікті аудандық полиция бөліміне қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.