
Тоқаев: Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді…