Ақмола облысында 200 бастан астам жылқы аштан қырылып қалды

Ақмола облысының Біржан сал ауданында жылқы қырылып жатыр. Қыстақтағы малды ауылға жеткізуге жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар қыста жауған жаңбырдан сіресіп қатып қалған. Сол себепті тебіндегі жылқы азық таппай, аштан өліп жатыр. Алдындағы малынан айырылған шарасыз шаруалар әкім-қаралардан жалынып көмек сұрап отыр. «Сіздерден көмек сұраймыз. Облыс аппараты неге төтенше жағдай жарияламасқа? Мына жаққа техника…

Толық оқу