Қызылорда облысында монополистер электр энергиясын негізсіз қымбаттатқан
Қызылорда облысының энергиямен жабдықтаушы ұйымдары электр энергиясын өндіру және өткізуге қатысы жоқ шығындарды электр энергиясының тарифтеріне қосқан, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті электр энергиясына тарифтерді қалыптастыруға талдау жүргізді. Нәтижесінде әлеуметтік нысандарды электрмен қамтамасыз ететін үш кәсіпорынның әкімшілік ғимараты мен көліктерді жалға алу және басқа да шығындарды тарифке қосқаны анықталды….