Шымкентте суға батқан әйел құтқарылды
Шымкент полицейлері суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, төтенше оқиға кеше түстен кейін болған. Көпірден өзенге секірген әйелді кездейсоқ куәгер байқап қалып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік автоэкипаж жедел жетті. Бір секундқа да баяулатпай, инспектор Нұрислам Құдайберген батып бара жатқан әйелді құтқару үшін суға түсті. Полицей оны киімінен ұстап, әріптестерінің көмегімен…