Қазақстан құтқарушылары Ауғанстанда үйінді астынан баланың денесін тапты
Қазақстанның құтқарушылары Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Құтқарушылар қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында үйінділердің арасынан 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда. «Наиброфи…