БҚО-да құны 670 млн теңгеге жуық контрабандалық тауар анықталды
Батыс Қазақстан облысының полицейлері 670 млн теңгеге жуық контрабандалық тауарды анықтады, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, Орал-Бузулук автожолында екі ауыр жүк көлігін тоқтатты. Олардың бірінен 1 мың 348 қорап ірімшік өнімі табылды. Тауарды жалған жүкқұжат арқылы тұз ретінде тасымалдаған. Ірімшіктің құны шамамен 320 миллион теңге…