
Құлсарыда тасқынмен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің командирі қаза тапты
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау сержанты жұмыс кезінде көз жұмған. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. 29 мамырда Құлсарыда су сору бойынша жедел-құтқару жұмысы кезінде 23 жастағы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қаза тапты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. «Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз саласының маманы ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады….