Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы Әлия Қожабаеваға қатысты тергеу аяқталғанын мәлім етті, — деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. «Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды», — делінген хабарламада. …